Өмірбаян
Мен, Оспанова Улжан Абидильдаевна, 1974 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданының Құмжота ауылында туып-өстім. Байзақ ауданында Ровное атындағы орта мектепті 1992 жылы аяқтап, 1999 жылы * •
Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиет пәні» оқытушысы мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2001-2010 жылдар аралығында Төле би атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі ретінде қызмет еттім.
2010 -2016 жылдар аралығында Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектебі» КММ-де директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып, тұрақты қызмет еттім.
2016 оқу жылдың тамыз айының 4-нен бастап Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директор болып тағайындалып, қазіргі таңға дейін қызмет етіп келемін.
Тұрмысқа шыққанмын, екі баланың анасымын.
Тұрғылықты мекен-жайым: Шу ауданы, Көктөбе ауылы, Төлешов көшесі, №32 үй.