Мен, Солтыбаев Сатыбалды Орикбаевич 1989 жылдың 12 – ақпанында Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы Шоқпар ауылындағы №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебіне 1 – сыныпқа қабылдандым. Мектепте үздік оқушы болып оқыдым, мектебіміз шалғай ауылда орналасуына қарамастан Алматы қаласына пәндік олимпиадаларға, байқауларға қатысып жүлделі орындарға иелендім. 2007 - жылы мектепті аяқтап, Жамбыл облысындағы Тараз мемлекеттік университетінің күндізгі бөліміне денешынықтыру және спорт мамандығына оқуға түстім. 2007 жылдың қазан айында жанұялық жағдайыма байланысты сырттай бөліміне ауысып, Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылында орналасқан Ораз Жандосов атындағы орта мектебіне аға тәлімгер болып жұмысқа қабылдандым. 2012 жылы Ораз Жандосов атындағы орта мектебінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес денешынықтыру пәнінің ұстазы лауазымына тағайындалдым. 2012 – 2014 оқу жылдарында сынып жетекшілік міндеті жүктелді. 2008 жылы отбасылы болдым, 2009 жылғы қызым және 2011 жылғы ұлым бар. Қазіргі таңда 2 бала тәрбиелеудемін.
2014 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылындағы №18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебіне Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары лауазымына тағайындалдым.
2022 – жылдың сәуір айынан бастап мектеп директорының міндетін уақытша атқарып келемін. Оқушыларымызды аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатыстырып, жүлделі орындарға иелендік.
Қызметтік тәжірибемдегі 2019-2022 оқу жылдарында төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім.
1. «Нұрлы жастар» атты Халықаралық байқауына заман талабына сай, жастар болуына ұлттық рухты қалыптастырып және өнердегі өрісін ашып, өз шәкірттерінің шығармашылық жолда биік шыңнан көрінуіне ерекше үлесім үшін «Ұлағатты ұстаз» мадақтамасымен марапатталдым. Алматы қаласы 2019 жыл
2. «Үздік жетекші» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру», «Жастар жылы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық өнер және білім байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттерім жоғары нәтиже көрсеткені үшін марапатқа иелендім.
Алматы қаласы 2019 жыл
3. «Ұлық ұстаз» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру», «Жастар жылы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық өнер және білім байқауының өтуіне зор үлес қосып, шәкірттерім жоғары нәтиже көрсеткені үшін сертификатқа иелендім. Алматы қаласы 2019 жыл
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында сабақ жоспарының үздік үлгісін жасағаным үшін құрмет грамотасына иелендім.
Алматы қаласы 2019 жыл
5. «Жеңіспен келген көктем» Республикалық байқауында өз шәкірттерінің шығармашылық жолда биік тұғырдан көрінуіне ерекше үлес қосқан ұлағатты ұстаз мадақтамасымен марапатталды.
Алматы қаласы 2019 жыл
6. «Сырым бар жүрегімде...» атты Республикалық көркем сөз, ән – би байқауында бүгінгі өмір талабына сай шығармашылық пен іскерлікке, жаңашылдық пен ішкі еркіндігі дамыған жеке тұлға тәрбиелеудегі елеулі еңбегім үшін мадақтамаға иелендім.
Алматы қаласы 2019 жыл
7. «Үздік жетекші» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру», бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Талантты жастар» республикалық өнер және білім байқауына шәкірт тәрбиелегенім үшін марапат қағазымен марапатталдым.
Алматы қаласы 2019 жыл
8. «Сенімен болашақ» Республикалық ата – аналар қоғамдық бірлестігі «Салауатты ата – ана мәдениеті» отбасылық 7 апталық даму марафонының жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқаным үшін және қоғамда саналы ата – ана мәдениетін қалыптастыру, отбасы инститтутын нығайту, ұлттық тәрбиемізді жастарға насихаттауға қосқан үлесім үшін алғыс хатқа иелендім.
Жамбыл облысы 2022 жыл
9. «Білім беру ұйымдарында нәтижеге бағытталған тәрбие жұмысы» тақырыбында облыстық коучинг сессияда өз – іс тәжірибесімен бөліскенім үшін алғыс хатпен марапатталдым.
Тараз қаласы 2022 жыл.
10. «Білім беру ұйымдарында нәтижеге бағытталған тәрбие жұмысы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинарда іс - тәжірибемен бөліскенім үшін алғыс хатпен марапатталдым.
Тараз қаласы 2022 жыл.
11. Ел Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына орай, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына сіңірген еселі еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін.
Шу ауданы 2021 жыл.
12. «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, мектептегі тәрбие жұмысын жүйелендіру» тақырыбында аудандық семинар – практикумды ұйымдастырғаным үшін алғыс хатпен марапатталдым. Шу ауданы 2022 жыл.
13. Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан үлесім және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктерім үшін құрмет грамотасымен марапатталдым.
Шу ауданы 2022 жыл.
Ұстаздық ұстанымым:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.