Өмірбаян
Мен, Леоненко Тарас Викторович, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қоңыртөбе ауылында 1985 жылы 25 шілдеде дүниеге келдім.
Мектеп табалдырығын 1990 жылы аттап, 1999 жылы бітірдім.
Сол жылы яғни, 1999 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық колледжіне «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына қабылданып, 2004 жылы бітірдім.
2007 жылы Шымкент қаласындағы, Шымкент Университеті «Математика» мамандығына түсіп, 2010 жылы бітірдім.
2007 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, № 21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.
2018 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, Тараз қаласындағы № 32 орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.
Үйленгенмін, отбасымда 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырмын.