Шортанбекова Фарида Советбекқызы 1974 жылы 21 наурыздаЖамбыл облысы,Меркі ауданында дүниеге келген.
Меркі ауданы А.С.Киров атындағы №19 орта мектепті 1992 жылы бітірді.
1997 жылы Жамбыл педагогтік институтын филология факультетін «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойыншабітірді. 1998 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Тараз қаласы №30 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1999 жылдың 2 ақпанынан бастап директордың тәрбие ісі, 2004 жылдың 1 наурызынан бастап оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №53 орта мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директоры қызметін атқарады.
2012 жылы ғылыми-әдістемелік орынбасарлардың арасында өткізілген «Үздік іс-шара» қалалық байқауында бас жүлде, 2015 жылы облыстық «Ғылыми-әдістемелік жұмыстың үздік үлгісі» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2006-2014 жылдар аралығында ұстаздың халықаралық ғылыми конференцияларда және ғылыми журналдарда барлығы 16 мақаласы жарық көрді.
2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сараптау комиссиясы құрамында жұмыс атқарды.
2007-2016 жылдары «Мектеп – білім мен тәрбие тірегі», «Ең үздік сабақ жоспарлары», «Үздік сыныптан тыс жұмыстар», «Жаңашыл инновация оқу-тәрбие үрдісінде», «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістері мен түрлері», «Мектептегі әдістемелік қызметтің үлгісі», «Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс –әрекет арқылы дамытудың технологиясы мен тәжірибесі» оқу-әдістемелік құралдарының құрастырушы авторы.
2017 жылы білім беру және оқу-ағарту мекемелері басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған республикалық байқауында «Үздік директор» номинациясымен марапатталды.
Фарида Советбекқызы 2013-2018 жылдары арасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы, осы олимпиадада оқушылары І,ІІ,ІІІ орын жеңімпаздары.
Дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудашәкіртіЕрлан Жүніс «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша бас жүлдесінің, оқушылардың ғылыми жобалар байқауында 2006 жылы Жұманбекқызы Әсел, 2018 жылы 10-сынып оқушысы Бейбіт Әнел қалалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары.
Фарида Советбекқызы өз тәжірибесімен бөлісуде 2014 жылы облыс көлемінде «Мектептегі инновациялық ғылыми-әдістемелік жұмыстар: дамуы мен перспективалары» тақырыбында семинар-практикумда шеберлік сынып;
2016 жылы «Мектептегі әдістемелік қызметтің озық тәжірибесінің моделі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинарда шығармашылық есебі;
2018 жылы «Заманауи педагог» журналының №1-2 санынамақалалары;
2018 жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің аспектілері;
2018 жылы 12қазан Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы өткізген «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Білім саласына қосқан табысты үлесі үшін келесі марапаттарды иеленді.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен»;
2016жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері белгісімен;
2018жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылғанына 10 жыл толу құрметіне арналған мерейтойлық белгісімен, облыстық білім басқармасының, облыстық педагог қызметкерлердің кәсіподақ ұйымдары, қалалық білім бөлімінің мақтау грамоталарымен;
2018 жылы Балалар және жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін ұйымдастыруға және өткізуге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде мәдени мұраны сақтауға және дәріптеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрі Е.Сағадиевтің алғысымен марапатталды.
Отбасылы. Жанұяда екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде.