1969 жылы 22 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. 1986 жылы орта мектепті «Алтын медаль» төсбелгісіне бітірді.
1991 жылы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Универ-ситеттің «Механика және қолданбалы математика» факуль-тетінің «Қолданбалы математика» мамандығын алып шықты.
1992-2003 жылдары Қызылорда облысы, Қазалы ауданында математика, информатика пәндерінен дәріс берді.
2003-2007 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. Осы уақыт аралығында облыстық «Үздік сабақ», қалалық «Алтын диск» байқауларының жеңімпазы атанды.
2007-2012 жылдары Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2012 оқу жылынан бастап Жамбыл атындағы №5 мектеп – гимназиясының директоры.
Жамбыл облыстық білім басқармасының, Тараз қаласы білім бөлімінің, Тараз қаласы әкімінің, Тараз қаласы мәслихатының «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН» марапатталған.