Ө М І Р Б А Я Н
Мен, Аликулов Жасұзақ Қуандықұлы 1956 жылы 1- қаңтарда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ.
1979 жылы Тараз қаласындағы «Жамбыл педагогикалық» институтын «Математика» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек өтілімді 1974 жылы Кеңес ауылындағы Кеңес орта мектебінде пионер вожатый болып бастадым. 1975-1977 жылдар аралығында Қызылорда қаласында әскери міндетін атқардым.
1977-1980 жылдар аралығында Байзақ ауданы, Кеңес ауылы, Кеңес орта мектебінде мұғалім, интернат меңгерушісі болып, 1980-1988 жылдар аралығында Қазақстанның 40-жылдығы орта мектебінде еңбек және математика пәнінің мұғалімі, 1988-1996 жылдар аралығында Тараз қаласында «Тараз-Лада» А.Қ. қойма меңгерушісі, 1996-2003 жылдар арасында «Ақ-бидай» А.Қ. қойма меңгерушісі, президентінің 1-ші орынбасары, 2011-2013 жылдар аралығында Сарыкемер ауылында «Кешкі мектеп» к.м.м. әлеуметтік-педагогы болып, 2013-2015 жылдар аралығында Байзақ ауылы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында» бұқаралық бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқардым.
2015 жылдың 16-наурызынан бастап «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» директоры қызметін атқарып келемін.
Отбасылымын. Жұбайым: Әдбірешова Бақытгүл – Байзақ аудандық емханасында медбике болып жұмыс атқарып келеді. Отбасымда 2 ұл, 1 қыздың әкесі, 7 немеренің атасымын.