Тургумбаев Жанатбек Ашимович
Педагог-зерттеуші
с.т.87072027576
Байзақ ауданының білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебінің директоры
1963 жыл, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мәдімар ауылында 1963ж. 13 мамырда дүниеге келген.
Білімі: жоғары, 2012 жылы Тараз қаласы, Жамбыл педагогикалық институты, мамандығы «Сызу, бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі»
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ә.Көшербаев көшесі 11 үйде тұрады.
Жалпы жұмыс өтілі: 36 жыл
Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 2 жыл
Тургумбаев Жанатбек Ашимович еңбек жолын орта мектептің мұғалімдігінен бастап, әр жылдары Жамбыл педагогикалық институтының оқытушысы, Жамбыл облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі, Тараз университетінің жанындағы мұғалімдер шеберлігін арттыру орталығының бөлім меңгерушісі, «Болашақ» мектеп- интернатының оқу-тәрбие ісі меңгерушісі, Байзақ ауданы білім бөлімінің бас маманы, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің С.Абланов атындағы орта мектебінің, «Өнер» мектебінің, Балалар мен жасөспірімдер орталығының, А. Суханбаев атындағы орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды. 2020 жылдың ақпан-қараша айларында Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі болып еңбек етті. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Комсомол одағының «Үздік еңбек ұжымы» төсбелгісімен, 2003 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен, «Байзақ ауданының 80 жылдығы» мерекелік медалімен, 1998 және 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.
Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі. Өнердегі шығармашылық жолында "Көңіл көкжиегі","Қара көз қарағым" ". Ел мен Ер"-атты жыр жинақтарын шығарды. Бірқатар өлеңдері Жамбыл облыстық "Өлеңдер мен әңгімелер" және Республикалық "Қос ішек"- атты антологияға енгізілген. Өзі шығарған "Жайна Жамбылым", " Сұңқарлы Ел", " Мәңгілік Ел", "Ана", ". Бабаның тілі", Ақсұңқар"," Ардагерлер" -атты әндері жергілікті әншілердің орындауында ел ішінде айтылып жүр.
"Сұңқарлар"-әні Республикалық арнайы әскери жасақтың әнұраны ретінде айтылуда. Шығармашылық байқауларда аудандық, облыстық, республикалық жыр байқаулардың бірнеше рет жүлдегері атанды. Жамбыл өңіріне арналған әндер байқауының жүлдегері. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Халықаралық жыр байқауының жүлдегері болып, Ілияс Есенберлин атындағы сыйлықтың иегері атанды. Кезінде Жамбыл педагогикалық институтын жанынан ұйыдастырылған облыстық тағы басқа әртүрлі деңгейдегі көрмелерге "Әке", "Ояту, " Жаңбырдан соң", "Асау"-атты картиналары қойылған.
Отбасында 1 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отырған әке.