«Балалар мен жасөспірімдер орталығы» Қосымша білім беру мекемесінің директоры Туребаев Сәрсенбай Полатович
Өмірбаян
Туребаев Сәрсенбай Полатович 04.04.1962 жылы, Қарақалпақстан Республикасы Хожелі қаласында дүниеге келген. Үйленген. 1-ұл, 3-қызы бар. 1986 жылы, Нөкіс Мемлекеттік Университеті филология факультеті қазақ тілі және әдебиеті бөлімін бітірген. 1983 -1985 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен. 1987-1992 жылдар аралығында , мектеп мұғалімі, директор орынбасары, директор қызметтерін атқарды.1992 жылы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылына қоныс аударып, 1992-1993 жылдар Үлгілі орта мектебінде қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі, 1993-1998 жылдар аралығында А.С.Макаренко орта мектебінде қазақ тілі әдебиеті мұғалімі, директор орынбасары, 1998-1999 жылдары Қазақстанның 40- жылдығы атындағы орта мектебінің директоры, 1999-2002 жылдары Үлгілі орта мектебінің директоры, 2002-2005жылдары, Гоголь орта мектебінің директоры, 2005-2013жылдар аралығында «Кешкі ауысымдық» орта мектебінің директоры, 2013-2015 жылдар аралығында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» директоры, 2015-2017 жылдары А.Суханбаев орта мектебінің директоры, 2017 жылдан «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» директоры қызметін атқарып келеді.