Мен, Спаналиева Индира Абилханқызы Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында 1973 жылы 11 сәуірде туылғанмын. Жамбыл атындағы орта мектепті 1990 жылы «күміс алқамен» аяқтап, 1995 жылы Жамбыл педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірдім.
1995-1998 жылдары Тараз қаласындағы қазақ ұлттық училищесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2001-2004 жылдары «Қайнар» университетінің жанындағы гумманитарлық-техникалық лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым. 2004 жылдан Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері, 2005 жылдан бастап тәрбие ісі жөніндегі әдіскері, 2020-2021 жылдары білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 2021 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түймекент орта мектебінің директоры болып қызмет атқарады.
2005 жылы республикалық педагог кадрлардың білімін жетілдіру институтының директоры Альмуханбетовтың алғыс хатымен, 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалының «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
Жұмыстағы жетістіктерім мен қоға 2008 жылы аудандық білім бөлімінің, 2009 жылы, 2010 жылы 2 рет Жамбыл облысы білім басқармасының грамотасымен, 2009 жылы Байзақ аудандық маслихатының грамотасымен марапатталдым. 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» және 2012 жылы аудан Әкімінің, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Б.Сағадиевтің Алғыс хатымен, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Құрмет грамотасымен, 2021 жылы «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қосымша қоғамдық атқарған жұмыстары: 2006 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, 2008 жылдан бастап осы филиал жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің хатшысы.
Қоғамдық жұмыстағы жетістіктері үшін 2009 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының (Тараз қаласы) алғыс хатымен, 2010 жылы орталық аппараттың (Астана қаласы) алғыс хатымен, 2008 жылы Астана қаласында өткен «Жастар Отан» Жастар қанатының І съезінің делегатымын. 2009-2019 жылдары «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі болған.
Сонымен қатар, 2008-2018 жылдар аралығында аудандық «Іскер әйелдер» қауымдастығының мүшесі 2011 жылы Астана қаласында өткен «Іскер әйелдер» ассосация І съезінің делегаты.
Осы аралықта аудандық тәрбиелік іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы ретінде және мектептегі тәрбие жұмыстарының сапасын көтеруге ат салысып, аудандық семинарлармен қатар, облыс көлемінде 8 семинар өткізіп, өз тәжірибиесін аудан жетістіктерін облыс көлеміне таратқан. Аудан көлеміндегі байқаулардың нәтижелерін облыс көлемінде дәлелдеп, осы жылдар аралығында жүлделі орындарды иеленіп, аудан мәртебесін көтеріп, рейтінгілік көрсеткішін жоғарлауына өзіндік үлесін қосты. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіп, аудан көлемінде оның көрсеткішінің төмендеуіне ықпал етіп, осы бағытта түрлі жобаларды енгізген. Ата- ана мен бала, ата- ана мен мұғалім, бала мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім, ата- ана мен ата- ана, бала мен бала арасындағы түсінбеушіліктер мен кикілжіңдерді шешу мақатында аудан мектептерінен «Медиация кабинеттерінің» ашылуына ықпал етіп, өзінің нұсқаулықтарын ұсынып, ол жұмысын Түймекент орта мектебінің базасында «Медиация» кабинетін ашып, осы бағыттағы жұмыстардың сапалы жүргізілуіне мән беріп, бір жылдың ішінде үш отбасының, он төрт баланың, екі мүғалімнің арасындағы мәселелерді оң шешімін шығарып, татуластыруға жұмыс жүргізіп жалғастырды.
Тұрмыста, үш қызы және бір ұлы бар.