Автобиография
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Орынбаева Гүлсін Рақымжанқызы
Фамилия, имя, отчество: Орынбаева Гульсын Рахимжановна_________
2. Лауазымы, жұмыс орны, қызметінің орны (кәсіпорынның, мекеменің, министрліктің, мемлекеттік комитеттің нақты атауын көрсету қажет)
CТСО «Нұр Әлім» балабақша-мектеп гимназия директоры
Должность, место работы, службы (указать точное наименование подразделения предприятия, учреждения, организации, министерства, государственного комитета)
ДиректорТОО ОЦСТ «Детский сад-школа гимназия «Нур Алим»
3. Жынысы: әйел 4. Туған жері, жылы: 1956 жыл Жамбыл облысы
Пол: жен Год и место рождения: 1956 г. Жамбылская область
5. Ұлты: қазақ
Национальность: казашка
6. Білімі: жоғары
Образование:высшее 1978- Тамбовский государственный педагоический институт
Учитель русского языка и летаратуры
7. Ғылыми дәрежесі: - жоқ
Ученая степень, ученое звание:- нет
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік және басқа да наградаларымен марапатталған, марапаттау күні: “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалі (04.02. 2002 ж.; “Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісі (29.10.2002 ж.); «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі (25.08.2005 ж.); «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі (17.01.2006 ж.); “10 жыл Астана” медалі (2007 ж. ); ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медалі (2011ж.); «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (05.08.2015 ж.); “Жуалы ауданының Құрметті азаматы” (2013 ж.)
Какими государственными и другими наградами Республики Казахстан награжден (а), дата награждения:
9. Соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбағаны туралы мәлімет/ *жоқ
Сведения о имеющие судимость, которая не погашена или не снята * нет
10. Сот арқылы іс-әрекетке қабілеттілігі туралы мәлімет/ *
Сведения о признании судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными *
11.Тәртiптiкжазалартуралымәлiмет/* жоқ
Сведения о дисциплинарных взысканиях* нет
12.Сыбайласжемқорлыққұқықбұзушылық жасағаны *
үшiнтәртiптiкжазаларқолданылғанытуралымәлiмет/ жоқ
Сведения о дисциплинарных взысканиях за совершение *
коррупционного правонарушениянет
13. Мекен жайы: Жамбыл облысы Тараз қаласы Дүрімбетов көшесі,28 А1 үй
Домашний адрес: город Тараз, ул. Дурумбетова, 28А1
14. Жалпы еңбек өтілі – 43 жыл 15. Саладағы жұмыс өтілі – 35 жыл
Общий стаж работы -43 лет Стаж работы в отрасли –35 лет
16. Қазіргі ұжымдағы жұмыс өтілі - 4 ай
Стаж работы в данном трудовом коллективе – 4 месяца
17. Мінездеме, наградталушының деректері, ерекше сіңірген еңбегі көрсетілген:
Характеристика с указанием конкретных особых заслуг награждаемого:
Орынбаева Гүлсін Рақымжанқызы 1956 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Орақ-Балға ауылында дүниеге келген. Білімі: жоғары. Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.
Орынбаева Гүлсін Рахымжанқызы еңбек жолын 1978 жылы Жуалы ауданының Октябрь ауылындағы “Октябрьдің 50 жылдығы” атындағы мектепте сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы қызметінен бастаған;
1980-1984 жылдары комсомол жұмысында – аудандық комитет мәртебесіне ие болған Жамбыл политехникалық техникумы комсомол комитетінің хатшысы болып сайланған.
1984-1986 жылдары Жамбыл химико-механикалық техникумында тәрбие ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
1986 жылдан аймақтағы кәсіподақ органдарында сайланбалы қызметтерде.
1986 жылдан Білім беру, жоғары мектеп, ғылыми мекемелер қызметкерлерінің Жамбыл облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болып сайланған
2000 жылғы шілде айынан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы.
2003-2014 ж.ж. Жамбыл облыстық Кәсіподақтары Кеңесінің төрайымы лауазымын атқарған.
2021 жылдың шілде айынан бастап СТСО «Нұр Әлім» балабақша-мектеп гимназия директоры
Гүлсін Рахымжанқызы ежелгі қоғамдық ұйымның сан мыңдаған мүшелері сенім жүгін артып, даусын берген кәсіподақ белсендісі.
Гүлсін Рахымжанқызы өз жұмысында басты басымдықты кәсіподақтардың негізгі жарғылық міндеті – құқыққорғау қызметіне береді. Ол кәсіподақтық адвакатураны ұйымдастыруға мұрындық болып, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға күш салады.
Гүлсін Рахымжанқызының бастамасымен көркемөнерпаздардың шығармашылық кештері, спорттық сауықтыру іс-шалары, салалық спартакиадалар дәстүрі қайта жаңғырды.
Г.Орынбаеваның бастамасымен еңбек адамының әлеуметтік ахуалын арттыруда, құқықтары мен мүдделерін қорғауда, аймақтағы кәсіподақ қозғалысының дамуы мен кәсіподақ ұйымдарының бірлігі мен тұтастығын сақтауда үлкен еңбек сіңіруде.
Сонымен қатар, Гулсін Рахымжанқызы 2011 жылы елімізде тұңғыш рет
өткізілген VII Қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасын жергілікті өңірде алып жүру рәсіміне қатысқан алаугер.
Облыс әкімі, жұмыс берушілер қауымдастығы мен облыстық кәсіподақтар бірлестігі арасында Әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық Келісім қабылданып, жүзеге асырылуда. Облыстың барлық аудандарында аудандық келісімдер қабылданып, орындалуда. Кәсіподақ құрылымдағы ашылған кәсіпорындар және мекемелердің 96 пайызында ұжымдық шарттар жасалып, онда қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын қарау мен шешу мәселесі іске асуда.
.
***
Еңбекшілердің қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде, аймақта қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық процесстерге атсалысу, оған ықпал ету үшін мемлекет заңдарымен берілген барлық құқықтар мен мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін ұғына білген кәсіподақ көшбасшысы Гүлсін Рахымжанқызы 2003 жылы алғашқы рет, 2007, 2011 жылғы шақырылымда саналы түрде қайта сайлауға қатысып, Жуалы ауданының №17 сайлау округінен облыстық мәслихат депутаттығына сайланды.
Бүгінгі күні депутаттық мандат пен негізгі сайланбалы қызметін үйлестіре, сабақтастыра білген Гүлсін Рахымжанқызы Жуалы өңірінің қоғамдық өміріне белсенді түрде атсалысуда.
Депутат ретінде мемлекеттік биліктің жергілікті өкілетті органдарының жұмысына қатысу кәсіподақтарға еңбекшілердің өзекті мәселелерін ретімен әрі дер кезінде шешуге, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін мейлінше тиімді қорғауға мол да ауқымды мүмкіндік берді.
Бірлескен әрекеттердің мысалы ретінде еңбек қорғау мен қауіпсіздігі , білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының жай-күйі, кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау сынды сұрақтардың назарда болуын атап өтуге болады.
Облыстағы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алындағы есеп берулерінде кәсіподақтар мен партия ұйымдары бірлесіп әлеуметтік топтамаға енетін сұрақтар мен мәселелерді, атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыс бастылық, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, жастармен жұмыс проблемаларын көтереді.
Бүгінде Гүлсін Рахымжанқызы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының ең жоғары алқалы басқару органы болып саналатын Салалық Кеңетің мүшесі, Жамбыл облысы Тәртіптік Кеңесінің, Іскер әйелдердің облыстық қауымдастығының белсенді мүшесі, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап облыстық «Саясаткер әйелдер клубының» жетекшісі, «Нұр Отан» ХДП-ның облыс мәслихаттағы депутаттық фракция төрағасының орынбасары, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысын сараптау жөніндегі аймақтық жұмысшы топ жетекшісінің орынбасары.
***
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кәсіподақтар түскен пайданы жарғылық мақсаттарға жұмсап әрі бағыттай отырып кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіподағы «Тараз-Профсоюз-Турист» және «Қорғау Тараз 2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мәртебесінде кәсіпорындардың құрылтайшысы болып табылады.
«Тараз-Профсоюз-Турист» ЖШС-і туристік фирмасы ішкі туризм нарығында 8 жылдан аса уақыт қызмет етіп отыр. ЖШС-і бүгінгі күні шипажайлар мен сауықтыру орындарына берілетін тек жеке жолдамалар ғана емес көпшілікті қамтитын ұжымдық саяхаттар, шетелдік саяхаттар ұйымдастыру, билеттер мен визалар рәсімдеу қызметін де ұсына алады.
«Қорғау Тараз» шағын кәсіпорнының қызметі кең ауқымды полиграфиялық қызмет түрін: кітаптар, брошюралар, дипломдар, мақтау қағаздарын, алғыс хатар, визиткалар, кеңсе құжаттарын, облыстық және аудандық көлемдегі газеттер мен өзге де баспа өнімдерін әзірлейді.
Білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының соңғы үлгіде жасақталған дербес ғимараты, жолаушылар тасымалдайтын шетелдік комфортабельді автобусы, жеңіл қызметтік автокөліктері, қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық құндылықтары, салалық газеті жұмыс жасауда.
Жарғылық қызметті кешенді түрде көрсету, сала өкілдері-кәсіподақ мүшелерінің игіліне пайдалану мақсатында 5 қабатты соңғы үлгідегі қонақ үй құрылысы жүргізілді.
Қазіргі таңда СТСО «Нұр Әлім» балабақша-мектеп гимназиясының Оқыту мен оқу үрдісінің сапасын жақсартуда. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін жетілдірудің атқарылған ауқымды жұмыстардың өз нәтижесі көрсетілуде. Балабақша-мектеп гимназиясында балабақша -350 бала, мектеп гимназиясы -284 оқушыны қамтып отыр. Оқушылардың оқу жетістіктері бүгінгі таңда ұлғайюда. І тоқсанда Республикалық байқаулармен олимпиадаларда 1 сыныпта- 4 оқушы, 2 сыныпта -55 оқушы, 3 сынып- 14 оқушы, 4 сыныпта- 18 оқушы қатысып, І- ші және ІІ-ші дәрежелі дипломдарға ие болып, білім сапасының жоғарлауына себебін тигізіп отыр.