Мен, Мураталиев Сабыр Кенетович 1983 жылдың шілде айының 22 жұлдызында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Пионер аулында дүниеге келдім. 1989 жылы Пионер аулындағы Пионер орта мектебінің 1-сынып табалдырығын аттап, сол мектепте 2000 жылы 11-сыныпты аяқтадым. 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, әлем тілдері факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының аталған мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдадым.
Алғашқы еңбек жолымды 2005 жылы Тараз қаласы №30 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып оқушыларға білім берумен бастадым. 2012 жылдан бастап білім берумен қатар мектеп директорының оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2014-2015 оқу жылында Тараз қаласы №25 орта мектебінде директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2016-2017 оқу жылында Тараз қаласы Иван Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназисында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2017-2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.
Мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін Алматы қаласындағы Өрлеу БАҰО филиалында, НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталықтарында мұғалімдерге арналған деңгейлік бағдарлама, мектеп басшыларына арналған көшбасшылық бағдарламасы, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курстарында білім жетілдіріп, қайта даярлаудан өттім.
Отбасында ата-анам, екі ағам, екі әпкем бар. Әкем -Мураталиев Кенет Пионер совхозында құрылысшы, анам- Аққажиева Эльмира балабақшада аспазшы қызметін атқарған қазіргі кезде зейнет жасында. Өзім үйлегенмін , отбасым , бір ұлым бар. Әйелім – Ерменбаева Аида Серікқызы Тараз қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. Ұлым - Кенет Бақдәулет Сабырұлы Тараз қаласы, Иван Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназисынының 5- сыныбында оқиды.
Мекен-жайым: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылы, Жамбыл көшесі №50 үй.