Тойбаев Бекболат Нұралыұлы - ҚР Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылының В.Маяковский атындағы №32 орта мектебінің директоры, жоғары санатты география пәнінің мұғалімі.
1964 жылдың 11 наурызында Жамбыл облысы Шу ауданы Оразалы ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Педагогикалық еңбек өтілі 34 жыл. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін география мамандығы бойынша бітірген.
Тойбаев Бекболат Нұралыұлы ғылыми-теориялық және әдістемелік даярлығы жоғары, маман үнемі өзінің кәсіби шеберлігінің өсуі жолында жұмыс жасайды. Оның сабақтары компьютерлік бағдарламаларды тиімді қолдануды көрсетеді, терең ойлылығымен, қисынды құрылымымен, қазіргі заманмен байланыстылығымен ерекшеленеді.
2005 жылы аудан көлеміндегі «Жыл директоры» байқауында 1 орынды иеленіп, облыстық байқауға қатысты. Облыста өткізілген «Жыл директоры» байқауына қатысып, мектепті басқарудағы шығармашылығы үшін «Шебер ұйымдастырушы» номинациясы бойынша облыстық білім беру департаментінің құрмет грамотасымен марапатталды
Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін 2010 жылы «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.
2016 жылы 7-сынып оқушысы Алимхан Жанель Халықаралық «Золотое руно» байқауына қатысып, ІІ жүлделі орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
2017 жылы 5-сынып оқушысы Ашыкпай Ринат Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонға қатысып, ІІІ жүлделі орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
2017 жылы 9-сынып оқушысы Балмаханбет Нургуль Республикалық интернет байқауына қатысып, «Бабалар мұрасы» номинациясының жеңімпазы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылы 7-сынып оқушысы Шынтас Канат Халықаралық «ПОНИ» байқауына қатысып, дипломмен марапатталды.
2016 жылы «Үздік мультимедиалы оқу презентациясы» номинациясымен Аймақтық виртуалды байқауының жұмысына белсенді қатысқаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылы «Мәңгілік Ел-Мұратым» тақырыбындағы Республикалық интернет байқауының жұмысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2017 жылы «Үздік мультимедиалы оқу презентациясы» номинациясымен Аймақтық виртуалды байқауының жұмысына белсенді қатысқаны үшін екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік «Тағылым» журналында» «Ғылыми жұмысқа дайындау - ізденіс әрекетіне бет бұру» тақырыбында мақала жариялады.
2017 жылы «Videouroki.net/razrabotki/tie» сайтына 9-сыныпқа арналған «Украина и Молдова», «Лесостепь и степь» атты тақырыптағы сабақтары үшін куәліктермен марапатталды.
2018 жылы 5-сынып оқушысы "Адам және Табиғат" республикалық зияткерлік марафонында ІІ орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
2019 жылы 5-6 сынып оқушылары (4 оқушы) Ломоносов атындағы олимпиадаға қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды
Жас мамандарды тәрбиелейді. Бекболат Нұралыұлының педагогикалық университеттерді бітіріп, мектептерде еңбек етіп жүрген шәкірт-ізбасарлары бар: Утеева Сымбат, Нуралиева Мадина, Балтабаева Жамиля, Қасенов Мейірхан, Чалов Сабит, Қоржумбаев Жақсылық т.б
Бекболат Нұралыұлы мектептің, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады, көркемөнерпаздар байқауларына қатысады.
Мектеп басшысы ретінде Бекболат Нұралыұлы жыл сайын мектепті аудан және облыс деңгейінде көрсетеді.
Мектептің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңара түсуде.
Мектепте 693 оқушы қазақ және орыс тілдерінде білім алады. Оларды 66 мұғалім, 7 жоғары санатты мұғалім, 10 зерттеуші - мұғалім,5 бірінші санатты мұғалім, 11 сарапшы - мұғалім, 7 екінші санатты мұғалім,6 модератор - мұғалім оқытады.
Оның басшылығымен мектеп ұжымы жаңа технологиялармен қарулана отырып, зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыра отырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде.
Б.Н.Тойбаев мектеп директоры бола отыра, ұжым құрамындағы мұғалімдердің кәсібилігі , шеберлігі мен шығармашылығы жайындағы мәселелерді көтеріп, әдістемелік тұрғыдан бағыт –бағдар беріп отырады. Ұжымда жағымды моральды- психологиялық орта түзіп, мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал етеді. Талап қоя отыра , оқушылардың пәнді меңгеруге деген қызығушылығын арттыра білетін ұстаз.