ӨМІРБАЯН
Мен, Сейдалиев Ербол Есеналиевич, Жамбыл облысы Меркі ауданы Тәтті ауылында 1974 жылы ақпан айының 7-ші жұлдызында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.
1991 жылы Тәтті ауылындағы №13 М.Мәметова атындағы орта мектепті яқтап, 1992-1993 жылдары ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышымды атқардым.
1994 жылы Алматы қаласы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетіне «Неміс тілі пәнінің мұғалімі» мамандығына оқуға түсіп, 1998 жылы күндізгі бөлімді аяқтадым.
2012 жылы «Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің» «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнының сырттай бөлімін бітірдім.
Еңбек жолын 1998 жылыдан бастап Меркі ауданы Меркі ауылы №17 И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясында неміс тілі пәнінің мұғалімі болып бастадым.
2009 жылы Меркі ауданы Екпінді ауылындағы №22 орта мектебіне әлеуметтік педагог қызметіне ауыстырылдым.
2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін жоғарыда аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқардым.
2014 жылы қыркүйек айында облыстық білім басқармасының бос тұрған лауазымдық қызметке тағайындау мақсатында өткізілген конкурсына қатысып, 24.09.2014 жылы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №663 бұйрығымен №12 Қ.Сарымолдаев атындағы орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалдым.
26.05.2017 жылы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №103 бұйрығымен №22 орта мектебінің директоры лауазымына ауыстыру тәртібімен тағайындалдым.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған Меркі ауданы Екпінді ауылында орналасқан №22 жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарудамын.
Еңбек өтілім 22 жыл, педагог-зерттеуші біліктілік санатындамын.
Біліктілігін арттыру курстарынан жыл сайын өтіп отырамын.
2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО-да ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың «Ілгері деңгей» білім беру бағдарламасы бойынша 320 академиялық сағат оқыту курсы.
2017 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында 80 академиялық сағат оқыту курсы.
2019 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» тақырыбында 80 академиялық сағат оқыту курсы.
2019 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО-да ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру пәні» бойынша 80 академиялық сағат оқыту курсы.
Отбасын 2005 жылы құрғанмын, екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірудемін.
Жеке қасиеттерім: жоғары жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, ұжымда белсенді, беделді, тез тіл табыса аламын, жаңа білім мен ізденіске құштарлығым мол, орындаушылық қабілетім жоғары.
Қызығушылығым: бос уақытта басты жаңалықтарды оқу, жаңа енгізілімдер және жаңашыл процесстер мен құбылыстарды зерттеп, меңгеріп, оларды өмірде қолдану, спортық ойындар.
Мекен-жайым Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылы Тоқаш Бокин көшесі №50 үй.