Боржуков Канат Абдыкадырович, 1982 жылдың 4 қарашасында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Бішкек қаласындағы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің математика және информатика факультетінің қолданбалы математика бөлімін аяқтап, математика пәні мұғалімі мамандығын иеленді.
Еңбек жолымды 2004 жылы Тәтті ауылындағы М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінен математика пәні мұғалімі ретінде бастадым.
2007 жылы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі, 2007 жылдың қараша айынан 2013 қараша аралығында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды.
2013 жылдың 11 қарашасынан 2014 жылдың 15 тамыз аралығында Қ.Сарымолдаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп директоры, 2014 15 тамызынан 2023 жылдың 21 тамызы аралығында М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі директоры қызметін абыроймен атқарды. Осы қызметті атқару уақытында білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін 2017 жылы Алматы қаласында өткізілген республикалық педагогикалық шеберлігі орталығында «Болашағын ойлаған адам бала тәрбиелейді» тақырыбында мақаласы жарияланды, 2017 жылы республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» орталығының «Мәртебелі мектеп директоры» төсбелгісімен, 2018 жылы ҚР білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін «Үздік директор» төсбелгісі мен, 2021 жылы аудандық білім бөлімінің «Табысты менеджер - 2021 » байқуында ІІ орын иегері, 2020-2021 жылдары «Үздік жұмыс беруші», Аудандық, облыстық, республикалық Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамоталарымен, облыс, аудан әкімдерінің құрмет грамоталарымен, 2021 Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Құрмет грамотасы», 2022 жылы ҚР оқу ағарту министірлігінің ақпараттық-талдау орталығының «Алғыс хатымен» марапатталдым.
Бүгінгі күні «AMANAT» партиясы Меркі аудандық филииалының «Тәтті» бастауыш партиясы ұйымының төрағасы.
Үйленген. Жолдасым – Исаева Айнур – мұғалім.
Отбасы тәрбиесінде - екі ұл, екі қыз.