ӨМІРБАЯН
Алимов Жамбыл Әбдіманапұлы, 1980 жылдың 25 қыркүйегі күні Жамбыл облысы,Талас ауданы,Қызыләуіт ауылында дүниеге келген. Әкесі Әлімұлы Әбдіманап Ильич совхозында көп жылдар бойы жүргізуші болып жұмыс атқарған. Анасы Шынайкүл Тілегенқызы аталған совхозда еңбек етіп зейнетке шыққан.
Алимов Жамбыл Әбдіманапұлы 1986 жылы Ильич атындағы кәзіргі Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, 1997 жылы аталған мектепті орта біліммен аяқтады.
2005 жылы Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтына «Музыкалық білім» мамандығы бойынша оқуға түсіп,аталған мамандық бойынша 2012 жылы бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2005 жылы Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе» бастауыш мектебінде саз жетекшісі болып бастады.
2006 жылы Мыңатай Қыстаубайұлы атандағы орта мектепке тәлімгер болып жұмысқа қабылданды.
2006 жылдың желтоқсан айынан бастап «Балдәурен» балабақшасына саз жетекші болып қабылданып, аталған мекемеде іс жүргізуші, әдіскер жұмысын атқарды.
2016 жылдың қыркүйек айынан бері «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.
2 ұл,1 қыз тәрбиелеп отыр.
МАРАПАТТАРЫ
2016 жылы- Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2016 жылы- «Нұр Отан»партиясы, Талас аудандық филиалы төрағасы Б.Рысмендиевтің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2019 жылы- Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі А.Аймағамбетовтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2021 жылы- Қызыләуіт ауылы әкімі Б.Бекетаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
МЕКЕМЕ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Мекеменің толық атауы:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны».
«Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдаурен» отдела образования Таласского района управления образования акимата Жамбылской области»
ТЕЛ: 8-726-44-33-3-82
МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы,Талас ауданы, Қызыләуіт ауылдық округі, Қызыләуіт ауылы. Дулат Дүйсенбин көшесі № 52.