Мен, Бисенғалиева Мадина Сұрағанқызы, 1971 жылдың 24 желтоқсанында Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс қаласында туылдым.
1973 жылы әке-шешем Жамбыл қаласына көшіп келді. 1979 жылы Жамбыл қаласының №25 орта мектебіне 1 сыныпқа оқуға бардым.
1989 жылы орта мектепті бітіріп, балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып бір жыл жұмыс жасадым.
1990 жылы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетіне «Орыс тілі ұлттық мектептерінде» кәсібі бойынша сырттай оқуға түстім.
1991 жылы Жамбыл қаласының №6 орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімі болып орналасып, жұмыс жасадым. 1995 жылы Алпысбаев Жанәбіл Әділұлына тұрмысқа шығып №43 орта мектебіне ауыстым. Екі балам бар. Қызым 22 жаста, ұлым 20 жаста. Жолдасым ішкі істер департаментінің зейнеткері. №43 орта мектебінде 14 жыл жұмыс істеп, оның ішінде үш жыл мектеп директорының орынбасары қызметін атқарып, 2009 жылдың 17 тамызынан Тараз қаласының №38 орта мектебі коммуналдық мекемесінде директор қызметін атқардым. 2022 жылдың 1 тамызынан бастап «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор қызметін атқарамын.
2014 жылы Сібір бизнес және ақпарат технологиялар институтына магистратураға (қашықтықтан) оқуға түсіп, 2017 жылы дипломымды Тараз инновациялық – гуманитарлық универститетінен қорғап шықтым.