Койлыбаева Эльмира Сериковна, 1970 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауылы, Жаскешу ауылында дүниеге келген.
1977-1987ж.ж С.Сейфуллин орта мектебінде білім алған.
1987-1992 ж.ж. – Алматы қаласындағы Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген;
1992-2006 ж.ж.Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №5 орта мектепке тарих пәнінің мұғалімі;
2006-2008ж.ж – Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №5 орта мектепте директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2008-2010 ж.ж. – Тараз қаласы, №25 орта мектеп директоры;
2010-2022ж.ж – Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия директоры;
2022 жылдың тамыз айынан бастап Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарып келеді.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.
Табысты еңбегінің нәтижесінде қалалық, облыстық білім басқармалары мен әкімдіктердің, ҚР білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттары және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1.Жамбыл облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы»;
2.Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының сертификаттары (2012-2016ж.);
3.Тараз қаласы әкімінің «Құрмет грамотасы» (2013 жыл, тамыз);
4.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Алғыс хаты» (2015 жыл, №002);
5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Вице-министрі М.Орынхановтың «Алғыс хаты» (2013 жыл, 25-30 наурыз №013);
6.Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құрмет грамотасы» (2014 жыл);
7.Жамбыл облысы әкімиятының білім беру департаментінің «Құрмет грамотасы» (2006 жыл);
8.Тараз қалалық маслихатының «Құрмет грамотасы» (2009 жыл, тамыз);
9.Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің «Құрмет грамотасы» (2018ж.);
10.ҚР Президентінің Құрмет грамотасы (ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы).
Отбасында жолдасы, бір ұл, бір қызы бар.