Гульфия Сабитқызы Джолдасова
Джолдасова Гульфия Сабитқызы 11.09.1970 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Тамды орта мектебінің 1-сыныбына қабылданған. 1985 жылы Жамбыл қаласындағы облыстық А.С.Макаренко атындағы мектеп-интернатының математика-физика пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныбына қабылданып, 1987 жылы аталған мектепті аяқтаған. 1987 жылы Жамбыл педагогика институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1992 жылы математика және информатика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Гульфия Сабитқызы еңбек жолын Қаратау қаласындағы №6 кәсіптік-техникалық училищесінде информатика және есептеу техникасы пәні мұғалімі болып бастаған. 1996-2000 жылдары осы оқу орнында директорлың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2000 жылы Тараз қаласына қоныс аударуына байланысты №30 орта мектептің математика пәні мұғалімі болып қабылданды. 2004 жылы осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2005 жылы директордың тәртіпбұзушылықты алдын алу ісі жөніндегі орынбасары, 2007 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. 2015 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне математика және физика пәндерінің әдіскері, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін үздіксіз білім беру секторының бас маманы қызметін атқарды. Жоғары санатты педагог-зерттеуші, еңбек өтілі 28 жыл.
2014 жылдың 26 мамыр - 2015 жылдың 30 қаңтар аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты бітірген. Джолдасова Гульфия Сабитқызы қала мектептеріндегі деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің жұмысына жетекшілік жасады.
2015 жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу барысында көрсеткен білікті де кәсіби шеберлігі мен жоғары жауапкершілігі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хатын алды.
2015 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Үштілді білім беру жүйесін жетілдіру: жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оларды жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында өткен семинарға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
2016 жылы Тараз қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы мен Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесіп өткізген «Мұғалім тәжірибесіндегі іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысқан.
2016 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Орта мектеп оқу бағдарламасына сай әр түрлі тақырыпқа жаңа әдістемелер енгізу арқылы оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту» тақырыбындағы семинарға белсене қатысып, тиянақты білім, әдістемелік шеберлік деңгейін көрсеткені үшін алғыс хат алған.
2017 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары бағытында: оқу үрдісін модернизациялау, инновациялық оқыту технологиялары, заманауи зертханалық база, робототехника жұмыстары бойынша мектеп оқушылары арасында «KIDS UNIVERSITY» жобасына қатысқаны үшін алғыс хат алған.
2017 жылы Павлодар қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қатысушылар жетекшісі болған.
2015 жылы «Педагогикалық инновациялар» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы «Заманауи мектепте жаратылыстану-математикалық пәндерін оқыту мәселелері мен болашағы» жинағында «Қазіргі таңда математика, физика пәндерін оқытудың сапасын арттыру мәселелері» тақырыбындағы материалын жариялап, педагогикадағы инновацияларды оқу-тәрбие жүйесінде белсене пайдаланып, бұқаралық-ақпараттық құралдарында насихаттағаны үшін алғыс хат алған.
2014 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз» жинағында «Өзгеріске құштарлық» мақаласы жарияланған.
2016 жылы Тараз қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсын аяқтаған. Қала мектептерінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік үйлестіруші жұмысын атқарған.