Абдешова Айжан Ақтілеуқызы
29.12.1970 жылы 29 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген.
1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтының бастауыш сынып мұғалімі мамандығын тамамдаған.
2001-2002 жылдарыТ.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
2002-2005 жылдары Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысқан.
2005 жылдан Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің директоры
Жамбыл облысы “Іскер әйелдер қауымдастығының” мүшесі.
Бос уақытында домбыра тартып, сыңғырлаған әсем даусымен ән салып, дәстүрлі термелерді нақышына келтіріп орындайды, көркем әдеби шығармаларды сүйіп оқиды.
Үлгілі жанұяда екі баланың ардақты анасы, ұлы Абзал – Астана қаласында Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің (КазГЮУ) үздік білімгері, қызы Жібек – Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің 1 сыныптың озат әрі өнерлі оқушысы.
Абдешова Айжан Ақтілеуқызы кәсіби шебер маман, зиялы, мәдениетті, жақсылыққа жаны құмар, ізгі қамқоршы, білікті басшы. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өткен, Алматы қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы Алғыс хатымен (2014ж), «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының І орын жеңімпазы (2013ж). Мектеп директорлары арасында өткен қалалық « Үздік көшбасшы» байқауында «Шығармашыл көшбасшы» номинациясына ие болды (2016 ж.). Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру департаментінің ғылыми–практикалық денешынықтыру орталығының құрмет грамотасымен, 2007
“НұрОтан” халықтық демократиялық партиясы, Жамбыл облыстық филиалының құрмет грамотасымен; 2007 ж.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы құрмет грамотасымен, 2010 ж.
Жамбыл облысының балалардың құқық қорғау департаментінің алғыс хатымен, 2009 ж.
Жамбыл облысы акимиятының білім беру департаментінің дипломымен., 2007 ж.
Тараз қалалық білім бөлімінің мадақтамасымен, 2009 ж.
М.Х.Дулати атындағыТаразмемлекеттік университеті Алғыс хатымен, 2009 ж.
Тараз қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен, 2006 ж.
Тараз қалалық білім бөлімінің Мақтау қағазымен, 2010 ж.
“НұрОтан” халықтық демократиялық партиясы, қалалық филиалының Құрмет грамотасымен 2010 ж.
Тараз қалысы әкімдігінің білім бөлімі Мадақтама қағазымен, 2010 ж.
Жамбыл облысы “Іскер әйелдер қауымдастығының” Алғыс хатымен 2012 ж.
Д.А.Қонаевтың 100 жылдығыАлғыс хатымен 2012 ж.
Тараз қаласы мәслихатының құрмет грамотасымен 2012 ж.
Тараз қаласының әкімінің Алғыс хаты 2012 ж.
Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен,2014ж.
Республикалық «Өрлеу» Білім-ғылым технология порталының Мадақтама грамотасымен, «Ұлағатты ұстаз» медалімен 2016 ж.
Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қоғамдастығының «Батыр шапағаты» медалімен, 2016ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, 2016ж.
Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен, 2017ж. Марапатталған. 2022 жылдың 1-ші тамызынан бастап Тараз қаласындағы №47-ші орта мектебінде директор қызметін атқаруда.