Өмірбаян
Мен, Сайлауұлы Еркін 1978 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. 1984 -1995 жылдар аралығында Үлгілі орта мектебінде оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым. 1995 – 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін - "Қазақ тілі және әдебиеті" пәнінің мұғалімі мамандығын алдым. Ата-анам бар: әкем – Калменов Сайлау - зейнеткер, анам – Жылқыбаева Айман - ұзақ жылдар бойы Үлгілі орта мектебінде мүғалім болып жұмыс істеді, қазір зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым – Бесбаева Ұлжан, жоғары білімді ұстаз. Бір қыз, екі ұл тәрбиелеп отырмыз. 1996 – 2006 жылы Үлгілі орта мектебінде «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 2006 - 2007 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында педагог-ұйымдастырушы, 2007 - 2008 жылы Үлгілі орта мектебінің директоры, 2008 - 2012 жылы Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры, 2012 – 2015 жылы Жаңатұрмыс орта мектебінің директоры, 2015 – 2018 жылы«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» КММ бұқаралық іс-шаралар бөлімі меңгерушісі, 2018 жылдан бүгінге дейін «Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының» КММ директоры қызметінде жұмыс жасап жатырмын. Қосымша мәліметтер: казақ, орыс тілдерін жетік білемін, интернетте жұмыс аламын.Мекен- жайым: Байзақ ауданы, Үлгілі ауылы Жақыпбай №144, тел. 8-705-122-64-94.