Өмірбаян
Мен, Самакова Гульмира Батралықызы, 1988 жылы 10 сәуірде Қырғызстан Республикасы, Чу облысы, Токмок қаласында дүниеге келгем. Ұлтым қазақ.
1994 жылдан 2004 жыл қаңтар айына дейін Токмок қаласы №6 орта мектепте оқыдым. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылына көшіп келдік. 2005 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылы №12 орта мектебін бітірдім.
Мектепті бітірген соң 2005 жылы Алматы қаласы Д.А.Қонаев атындағы Университетке оқуға түстім. 2009 жылы жоғарыда көрсетілген Университетті бітіріп, заңтану мамандығын, заңтану Бакалавры біліктілігін алып шықтым.
2009 жыл шілде айынан 2009 жыл қыркүйек айына дейін уақытша жұмыссыз болдым.
2009 жыл қыркүйек айынан 2010 жыл наурыз айына дейін Жамбыл облысы Қордай аудандық Әділет Басқармасында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша маман болып жұмыс істедім.
2010 жыл наурызынан 2010 жылдың тамыз айына дейін Қордай аудандық Әділет Басқармасында бағдарламашы болып жұмыс істедім.
16.08.2010 жыл-05.11.2010 жылға дейін Жамбыл облысы, Шу ауданы Балуаншолақ ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман міндетін атқарушы болып жұмыс атқардым.
08.11.2010-24.03.2011 жылға дейін Жамбыл облысы, Шу ауданы Балуаншолақ ауылдық округ әкімі аппаратының жастар және спорт істері жөніндегі әдіскер қызметін атқардым.
24.03.2011-30.03.2015 жылғы дейін Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істедім.
21.12.2015-21.08.2019 жыл аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы лауазымын атқардым.
21.08.2019-22.09.2020 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына тағайындалдым.
22.09.2020-30.09.2020 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылындағы №13 орта мектеп директорының міндетін атқардым.
30.09.2020 -01.04.2021 жыл аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы №14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарып, 01.04.2021 жылдан бастап кәзіргі күнге дейін аудандық конкурстық комиссиясының шешімі негізінде мектеп директоры лауазымына тағайындалып, жұмыс жасап келемін.
Отбасылық жағдайым: тұрмыс құрғанмын, бір қыз тәрбиелеудемін.
Г.Б.Самакова
12.09.2022 ж.