Мектеп директоры. Еңбек өтілі – 24 жыл. Көп жылдардан бері басқару
саласында қажырлы еңбек етіп келеді. Өзінің басқарып отырған мектебінде
2019 жылы III Республикалық «Үздік жас маман» байқауында «Үздік ұжым» номинациясын, ІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадалық байқауында «Үздік ұжым» кубогін иеленді.
Малик Джасболатович басқарып отырған мектеп ұстаздары әр түрлі
байқауларда, аудандық, реcпубликалық авторлық бағдарлама жасауда
жеңімпаз атанса, шәкірттері өнер, ғылыми жобалар , білім байқауларында
жеңімпаз атанып жүр. Ол басшылық жасаумен қатар, дене шынықтыру
пәнінен сабақ жүргізе отырып, жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуде. Оның сабақ беретін 8 – сынып оқушылары: Б.Мырзабай, Б.Нұрмаханбет, Б.Бөлекбай, О.Тұрсынхан републикалық, облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпаздары.
Малик Джасболатович ұжымның білгір ұйымдастырушысы ретінде
мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруді басты назарда ұстайды және оның қажырлы еңбектерінің нәтижесі аудан әкімінің, аудан әкімдігінің білім бөлімінің марапттарына ие болуда.
Атап айтсақ, «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде сіңірген еңбегі
үшін» 2012 жылы медальмен, 2014 жылы «Нур Отан» партиясының халықтық
тұғырнамасын жүзеге асыруда, партияның беделі мен рөлін көтеруге белсене араласқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
2014 жылы «ДАРЫН» РҒПО және Қазақстандық интернет - олипиадалар ұйымдастыру комитеті олимпиадалық қозғалысты қолдағаны үшін алғыс хатымен марапатталса, тағы сол 2014 жылы Ауған соғысы ардагерлер одағының «Отан» медалімен марапатталды. 2014 жылы білім саласында жемісті еңбегі және тамыз конференциясына белсене қатысқаны үшін Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімнің құрмет грамотасымен марапатталды.
2015 жылы республикалық «Білім шыңы-ғылым сыры» журналына шығып, осы баспанын комиссиясы шешімімен «Мәртебелі мектеп директоры» төсбелгісін иеленді. 2015 жылы Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімнің «Өз ісінің білгірі» номинациясы бойынша марапатталды.
2016 жылы «Астана ЭКСПО-2017 Болашақтың энергиясы» тақырыбында
ұйымдастырылған жас дарындар байқауына қатысқаны үшін алғыс хат берілді. 2017 жылы мектептің қоғамдық өмірі мен білім беру саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Жамбыл облыстық білім беру басқармасының және Қордай аудандық маслихатының құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы ақпан айында «Қарулы Күштер Ардагерлері» Республикалық
қоғамдық бірлестігінің «Құрметті Ұстаз» медалімен марапатталды.
2019 жылы Адамбаев Малик Джасболатович « Нұр Отан» бастауыш партия
ұйымының төрағасы ретінде «Үздік бастауыш партия ұйымы - 2019» байқауында «Парасатты жетекші» номинациясын жеңіп алды.
Адамбаев Малик Джасболатович - осы мекеменің заманауи басшысы. Ерекше шешім таба алатын, ақылымен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын, шығармашылық идеялардың, инновациялардың генераторы деп атауға лайықты жан.