Өмірбаян
Бексултанова Мадина Болатқызы 1970 жылы 17 маусымда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылында туған, ұлты - қазақ, білімі жоғары.
1987-1992 жылдар аралығында Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқыды. 1992 жылы аталған жоғары оқу орнын бітіріп, Жамбыл облысы Меркі ауданыңдағы № 44 орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 2002 жылы осы аудандағы №1 орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2004 жылы аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 2010 жылы №44 орта мектебінің директоры, 2011 жылдан аудандық білім бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері болды. 2021 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі кауданы білім бөлімінің №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназияның директоры болып қызмет етуде.
Мадина Болатқызы ұзақ жылғы педагогикалық еңбек тәжірибесінің негізінде кәсіби қалыптасқан, қандай да бір жұмыс атқармасын жоғары ұйымдастырушылық қабілеті арқылы сапалы нәтижеге қол жеткізетін білікті маман. Аудандық әдістемелік кабинетті басқарған уақытында Алматы қаласында өткен республикалық "Үздік әдістемелік кабинет-2008" байқауында бас жүлдені иемденсе, 2009 жылы Астана қаласында өткен республикалық семинарда үздік әдістемелік қызметі бойынша іс-тәжірибесі таратылды. 2011 жылдан бастап аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері ретінде пән мұғалімдерінің кәсіби өсуіне, құзіретті маман болып жетілуіне ықпал етіп, бірқатар жаңашыл ұстаздарды дайындаған ізденімпаз әдіскер. Олар: Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Иманбекова Лаура республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауында І орын, №2 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Мұсаева Майра республикалық "Абай әлеміне саяхат" байқауында І орын, Владимир Савва атындағы мектептің мұғалімі Абуева Лаура ІІ орын, Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Рахметілдаева Жазира облыстық "Латынша оқимын және жазамын" байқауында ІІІ орын, Жылгелдин атындағы № 30 жалпы білім беретін мұғалімі Серікова Айнұр облыстық "Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" байқауында ІІ орын, № 17 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рейфжанова Альфия облыстық "Ұлағатты ұстаз" байқауында ІІІ орын иеленді. Мадина Болатқызының жұмыс нәтижесі өскелен ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Осы атқарған жұмыстарының нәтижесі: ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты мен Құрмет грамотасы, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы және облыстық "Нұр Отан" партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Білім саласында жаңартылған білім мазмұны бойынша бірнеше курстарды тамамдаған.
Отбасылы, жанұяда 3 ұл тәрбиелеген.