Өмірбаян
Мен, Кубеева Динара Нурдаулетовна, 1981 жылы, 20 желтоқсан күні Жамбыл облысы,Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келдім.Ұлтым қазақ. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік Шешен ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебігін табылдырығын 1987 жылы аттап 11 сыныпты 1998 аяқтадым. 1998 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына тапсырып, 2001 жылы диплом алдым.
2001 жылы Тараз Мемлекеттік Институтының «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығына тапсырып, осы білім ортасын 2004 жылы бітіріп шықтым.
2003 жылы Жамбыл облысы,Талас ауданы,Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінен еңбек өтілімді бастадым.
2010 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы №20 орта мектепке «қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым.
2013 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығына» әдіскер лауазымына қабылдандым.Сол жылы қазан айынан бастап аға оқу әдіскері лауазымына ауыстырылдым.
2015 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылындағы А.Дәулетбеков атындағы орта мектебіне директор лауазымына тағайындалдым.
2017 жылы 30 қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер орталығына» ауыстыру жолымен директор лауазымына тағайындалдым.
Қазіргі таңда тұрмыстамын, 1 ұл тәрбиелеп отырмын.
Марапаттар:
2014 жылы 17 қараша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық- саяси жұмыс комитеті Павлодар облысы «Ана тілі» орталығы ЖШС « Көптілділік-бәсекеге қабілетті тұлға кепілі» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысқанын үшін Кубеева Динара сертификатпен марапат берілді.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіптік және өзге де мерекелер туралы заңына сәйкес, салалық іс-шараларды көтермелеу мақсатында Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының шешімімен Кубеева Динара «Білім беру» саласында көп жыл еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені себепті «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталады.
Көркем -эстетикалық бағыттағы үйірмелер
«Шебер», «Тоқыма», «Вокал», «Қолөнер шебері», «Домбыра», «Бейнелеу өнері».
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы үйірмелер
«Жас қаламгер», «Асыл мұра», «Жас психолог», ««Жас талант», «Көркем жазу», «Көркем оқу», «Ағылшын», «Жас көшбасшы», « Құқықтану», «Орыс тілі».
Жаратылыстану-техникалық бағыттағы үйірмелер
«Эколог», «Жас эколог», «Жас натуралист», «Жол қауіпсіздігі», «Тарихи өлкетану», «Туристік өлкетану», «Тарихи этнология», « Информатика».